jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Көлемі тауық жұмыртқасындай: Ақтөбе облысында жауған бұршақ ондаған үй мен автокөлікті зақымдаған

    Бұршақ терезесін шаққан көлік
    Бұршақ терезесін шаққан көлік. Кадр видеодан: КТК телеарнасы

    Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында бес күн бұрын көлемі тауықтың жұмыртқасынан үлкен бұршақ жауған еді. Жарма ауылында бұршақпен қатар дауыл тұрып, сегіз электр бағанасын құлатып, елдімекен бір тәулік бойы жарықсыз отырды. Ал Шеңбертал ауылы ондаған үй, шаруашылық құрылысы, автокөліктер зардап шекті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Бұршақ салдарынан Ырғыз ауданына қарасты Шеңбертал ауылында 59 тұрғын үй, 33 шаруашылық құрылысы және алты автокөлік зақымданған. Көлемі жұмыртқадай мұз кесектері шатырды тесіп, терезе сындырып, тұрғындардың мүлкін қиратып кеткен.

    ң көп зардап шеккен — Шеңбертал ауылы. Кесек мұздар үй шатыры мен көліктердің әйнегінен дым қалдырмаған. Артынша әкімдік пен төтенше жағдайлар бөлімі өкілдерінен құрылған комиссия барып, үйді-үйді аралап, шығынды анықтауға кіріскен. Қазір бүлінген мүліктің санын шығарып қойды. Енді шенеуніктер бұл жағдайдың төтенше жағдай мәртебесіне сәйкестігін анықтауға тиіс. Тексеру аяқталғаннан кейін билік зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу немесе өзге де көмек көрсету мәселесін қарастыруға уәде берді.

    "Бүгінде қолданыстағы заңнама аясында төтенше жағдайдың деңгейін анықтау мақсатында әрбір зақым келген тұрғын үй мен мүлікке жеке зерделеу және актілеу жүргізілуде. Нәтижесі бойынша зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу немесе басқалай көмек көрсету қарастырылады", - дейді Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары Нұрберген Бекеев.

    Көлемі тауық жұмыртқасындай: Ақтөбе облысында жауған бұршақ ондаған үй мен автокөлікті зақымдаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.