Ақтаудың қақ ортасында ыстық су атқылады
Жарияланған күні:
Ақтау қаласындағы 29-шағын аудан тұрғындары жер астынан атқылаған ыстық суды видеоға түсіріп алды. Аталған жайтқа қатысты "Каспий жылу, су арнасы" түсінік берді, деп хабарлайды "Lada.kz"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Куәгерлер шамамен 4 қабат биіктікке атқылаған ыстық су "фонтанының" видеосын басылым редакциясына жолдаған. "Каспий жылу, су арнасы" МКМ өкілдері аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп, оқиға 12-15 мамыр аралығында жылу желілерін жоспарлы гидравликалық сынақтан өткізу кезінде болғанын мәлімдеді.
Коммуналдық қызмет өкілдерінің хабарлауынша, қала тұрғындарына сынақ өтетіні алдын ала бір апта бұрын хабарланған.
Сонымен бірге ведомстводағылар сынақ кезінде апаттар және ыстық сумен қамту желілерінің жұмысында ақау болуы мүмкін екенін түсіндірді. Дәл сондай жағдай 29-шағын аудандағы №30/2 ғимаратының алдында болған.
Қазіргі уақытта ыстық су беру уақытша тоқтап тұр, анықталған ақау жөнделді, дейді коммуналдық қызмет өкілдері. Аталған сынақтар жылу желілерінің техникалық жағдайын тексеру үшін және алдағы жылу маусымына дайындалу мақсатында жасалып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2376243-aqtaudyng-qaq-ortasynda-ystyq-su-atqylady/