Астанада балалар ауруханасы өртенді (фото, видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Кеше түнде Астанада балалар ауруханасындағы өрт жедел сөндірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Астана қаласы Сарайшык ауданында, Кошкарбаев көшесі бойындағы балалар ауруханасының ғимаратында жертөледегі электр қалқанында өрт шықты.
"Хабарлама келіп түскеннен кейін 2 минут ішінде алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жетіп, өртті сөндіруге дереу кірісті. Қауіпсіздік мақсатында персонал мен науқастар эвакуацияланып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге уақытша орналастырылды. Өрт сөндіру штабы құрылып, жылыту пункті ұйымдастырылды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр", - делінген министрлік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2380329-astanada-balalar-auruhanasy-ortendi-foto-video/