Павлодар облысында жер сілкінісі сезілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 26 мамырда, сағат 11:28-де Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді. Ол Баянауылда қатты сезілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 26 мамырда Астана уақыты бойынша 11:28 жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 км жерде – Павлодар облысында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары – 50.47 солтүстік ендік, 76.47 шығыс бойлық. Тереңдігі – 30 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7.
Жер сілкінісінің сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша):
Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында есептік қарқындылығы – 2 балл.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2380887-pavlodar-oblysynda-zher-silkinisi-sezildi/