Қостанай облысындағы мектептердің бірі өртке оранды (видео)
Жарияланған күні:
Қостанай облысы Арқалық қаласында №5 орта мектептің төрт қабатты ғимаратының шатырынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Хабарлама түскеннен кейін 3 минут ішінде оқиға орнына алғашқы бөлімше жетті. Оқиға орнына келген кезде ғимарат шатырының алдын ала 1100 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімдерінің және ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеуде.
Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Үздіксіз су беру үшін нысаннан 300 метр қашықтықта орналасқан екі өрт гидранты пайдаланылуда", - делінген министрлік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2381148-arqalyqtagy-mektepterding-biri-ortke-orandy-video/