jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: бір адам қаза тапты

    Ан-2 ұшағы
    Ан-2 ұшағы. Фото: t.me/kerekpv

    Павлодар облысында авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізіп келе жатқан Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыштардың бірі қаза тапты. Ал екінші ұшқыш аман, оны кабинадан құтқарушылар шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

    Көлік министрлігінің мәліметінше, Ан-2 ұшағы 27 мамырда Павлодар облысындағы Железинка ауылының маңында апатқа ұшырады.

    Ұшақ "Жеңіл және аса жеңіл авиация операторлары" заңды тұлғалар одағына тиесілі, ол авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізіп келе жатқан.

    Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу барысында ұшақ электр желісін іліп кетіп, құлаған.

    Бортта екі экипаж мүшесі болған. Ұшқыштардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Екінші ұшқышты төтенше жағдайлар қызметі ұшақтан шығарды. Ол есінен танбаған.

    "Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, авиациялық оқиғаны тергеумен Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті айналысады. Департамент қызметкерлері оқиға орнына жіберілді", - деп хабарлады ведомсвто өкілдері.

    Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның мән-жайын анықтауда.

    Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: бір адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.