jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтөбеде баланың үстіне футбол қақпасы құлады

    Медқызметкерлер балаға көмек көрсетіп жатыр
    Медқызметкерлер балаға көмек көрсетіп жатыр. Фото: instagram.com/aktobe_zello

    Ақтөбе қаласындағы аулада баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Бұл факт полицияда тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқыс оқиға туралы мәлімет Instagram-дағы жергілікті aktobe_zello парақшасында жарияланды. Хабарламада оқиға орнында түсірілген кадрлар қоса берілген.

    Кадарлардан дәрігерлердің балаға көмек көрсетіп жатқанын байқауға болады.

    Сондай-ақ хабарламада оқиғаның қаладағы 12-шағын ауданында болғаны, қақпаның бекітілмегені айтылған.

    Оқиғаға қатысты Ақтөбе облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

    "Бұл факт ҚР ҚК-нің 306-бабы бойынша тіркелді. Футбол алаңын салу және күтіп ұстау жұмыстарына қатысты мән-жай Ақтөбе әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі арқылы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.

    Ақтөбеде баланың үстіне футбол қақпасы құлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.