jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен бес адамның жағдайы белгілі болды

    Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатыр
    Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатыр. Видеодан кадр: threads.com/@iamelyyya

    Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен бес адамның жағдайы белгілі болды. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

    Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай елордадағы Сарайшық ауданындағы Аманжолов көшесінде болған еді. Куәгерлер жолдың ортасында көлік жарылғанын хабарлаған болатын.

    Kazinform-ның жазуынша, куәгерлердің алдын ала ақпараты бойынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше көлікке зақым келген.

    Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел жетіп, өрт арнайы қызметтердің күшімен сөндірілген.

    Almaty.tv арнасының мәліметінше, кейінірек белгілі болғандай, оқиғадан бес адам оның ішінде бір бала зардап шеккен. Зардап шеккен барлық адамға шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің мұқият бақылауында.

    "№1 көпбейінді қалалық аурухана мен №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына төрт ересек адам мен бір бала жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ", - деп хабарлады телеарнаға Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

    Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен бес адамның жағдайы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.