БАҚ: Маңғыстауда ойын алаңынан 12 жастағы баланың денесі табылды
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы тұрғын үй жанындағы ойын алаңдарының бірінен мектеп жасындағы баланың өлі денесі табылды. Бұл туралы Lada.kz басылымына жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Басылым мәліметінше, аудан тұрғыны баланың денесінде тұншығу белгілері болғанын айтқан.
"Оны басқа бала көріп, басында әткеншекте отыр деп ойлаған. Жақындап келіп, беті көкпеңбек болып тұрғанын байқаған. Сол кезде ол ата-анасын шақырған, ал олар болса, жедел-жәрдем шақырған. Әзірге себебі белгісіз", - деп хабарлаған дереккөз.
Жедел жәрдем станциясы бала өлімін растаған. Ондағылар басылымға оқиға орнына 1 маусымда медицина қызметкерлері барғанын, 2014 жылғы баланың өлімін тіркегенін жеткізген.
Ал Маңғыстау облыстық ПД ақпаратқа қатысты еш пікір білдірмеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2383608-baq-manggystauda-oiyn-alangynan-12-zhastagy-balanyng-denesi-tabyldy/