jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында жер сілкінді

    Жер сілкінісі
    Жер сілкінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Бүгін, 8 маусымда Алматы облысының кей аймағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ хабарлауынша, "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 8 маусымда Астана уақытымен сағат 21:55-те жер сілкінісін тіркеген.

    Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

    Жер сілкінісінің координаттары: 42.920° с.е., 78.188° ш.б. Тереңдігі – 5 км.

    Есептік қарқындылығы (баллмен):

    Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2,5 балл;

    Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл.

    ТЖМ тұрғындарға жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды еске салады:

    1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз; 2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз; 3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз; 4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз; 5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз; 6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз; 7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет); 8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз; 9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз; 10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

    Еске салсақ, бұдан 4 күн бұрын Алматы мен Жетісу облыстарында жер сілкінгенін жазған едік.

    Алматы облысында жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.