jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыдағы хайуанаттар бағында өрт тұтанды: жануарлардың жағдайы туралы не белгілі

    өрт болған жер
    Оқиға орыны. Фото: instagram.com/almatyzoo

    Кеше түнде Алматыдағы хайуанаттар бағында өрт шықты. Қызыл жалын фотостудияда тұтанған. Хайуанаттар бағының әкімшілігі оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Хайуанаттар бағы әкімшілігі төтенше жағдай туралы Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті. Төтенше жағдай түнгі сағат 00:30-дан кейін болған.

    Өрт фотосалон бутигінде, сондай-ақ сол жерге жақын маңдағы жалға алушыға тиесілі экскурсиялық гольф-карлардан басталғаны белгілі болды.

    "Оқиға орнына өртке қарсы қызмет бөлімшелері жедел келіп, олардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілді.

    Қазіргі уақытта өрттің шығу себептерін уәкілетті органдар анықтап жатыр", - делінген жазбада.

    Оқиғадан хайуанаттар бағының мүлкіне зиян келмеген. Қызметкерлер мен жануарлар арасында зардап шеккендер жоқ.

    Алматы хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр және келушілер үшін ашық.

    Алматыдағы хайуанаттар бағында өрт тұтанды: жануарлардың жағдайы туралы не белгілі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.