jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда жоспарлы оқу-жаттығу кезінде жарылыс болған: полиция мәлімдеме жасады

    әскери қызметші
    Әскери қызметші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыда оқу-жаттығу кезінде шулы жарық гранатасы уақытынан бұрын жарылып кеткен. Зардап шеккен қызметкерлерге медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлады полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы полиция департаменті өкілдері желіде оқу-жаттығулар кезінде болған жайтқа қатысты тарап жатқан хабарламаларға түсініктеме берді.

    Ведомство деректеріне сай, жоспарланған шаралар барысында шулы жарық қол гранатасы алдын ала жарылған.

    Оқиға орнында бөлімшелер қызметкерлері болған. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жасалып жатыр. Мамандар техникалық жайттың барлық мән-жайын анықтауда.

    Сонымен бірге полициядағылар жекелеген дереккөздерде жарияланып жатқан ақпараттарға да қатысты пікір білдірді. Ведомство дерегінше, қызметкерлердің көптеген жарақат алғаны және олардың ауыр жағдайда жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

    "Қызметкерлер көптеген жарақат алып, ауыр жағдайда жатқаны туралы ақпарат жалған",-деді Алматы ПД өкілдері.

    Алматыда жоспарлы оқу-жаттығу кезінде жарылыс болған: полиция мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.