jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада жер үйден өрт шықты

    Оқиға орны
    Өрт сөндірушілер. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Елордалық құтқарушылар жер үйдегі өртті сөндірді. Қызыл жалын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысын шарпыған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Түнде Астанада "112" пультіне Алматы ауданындағы Таскескен көшесінде орналасқан жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

    ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орынына келген өрт сөндірушілер үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысының жанып жатқанын анықтады.

    "ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде 20 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

    ️ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

    Астанада жер үйден өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.