jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Пауэрбанк жарылған: қазақстандық блогерді күйік шалды

    блогер
    Блогер. Видеодан кадр: instagram.com/dilyara_k11

    Павлодарда блогердің сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып, оны күйік шалды. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасының хабарлауынша, Диляра есімді блогер оқыс жағдай жаттығудан шығып бара жатқанда болғанын айтады. Кенет оның сөмкесінен қою түтін шыққан. Бірақ ол мұны бірден байқамаған. Сөмкені иығынан ала бергенде ішіндегі пауэрбанк жарылған.

    Сөмкеде тұтанған қызыл жалын блогерді шарпыған, салдарынан блогердің басы мен қолы күйіп қалған. Клуб қызметкерлері оған көмектесуге тырысқан, бірақ өртті тек сыртқа шыққанда ғана сөндіру мүмкін болған.

    Дәрігерлер күйікті ауыр деп бағалауда.

    Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқарма өкілдері зардап шеккен блогердің ауруханаға жатудан бас тартқанын хабарлады.

    Пауэрбанк жарылған: қазақстандық блогерді күйік шалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.