Екеуі бала: Ақтөбедегі жанармай құю станциясы маңында көлік өртеніп, үш адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбеде жанармай құю станциясы аумағында көлік өртеніп, салдарынан үш адам, оның ішінде екі бала қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Аktobe_zello Instagram-аккаунтында қаладағы жанармай құю станцияларының бірінде ішінде адамдар болуы мүмкін көліктің өртенгені туралы айтылған видео жарияланды.
"Ақтөбеде Бөгенбай батыр мен Мақатаев (бұрынғы Озерная) көшелерінің қиылысында орналасқан газ құю станциясының аумағында жеңіл автокөлік өртенді.
Өрт басталғаннан кейін көліктің қасында ер адам көмек сұрап жүрді және ол сол көліктің жүргізушісі болуы мүмкін. Сондай-ақ көліктің ішінде адамдар болуы мүмкін деген хабарламалар бар", — делінген жазбада.
Жазбаға қатысты Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. Департамент ақпаратына сәйкес, өрт сегіз минут ішінде сөндірілген, сондай-ақ өрттің ЖҚС аумағына таралуына жол берілмеген.
Өкінішке қарай, өртті сөндіргеннен кейін көлік салонынан үш адамның жансыз денесі табылды, оның екеуі — кәмелетке толмағандар. Тағы бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.
"Диапазон" басылымының мәліметінше, зардап шеккен 54 жастағы ер адамның денесінің жоғарғы бөлігі күйіп қалған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, есін біледі және қажетті ем-дом қабылдап жатыр.
Ескерту! 18+! Бұл видеода қорқынышты кадрлар бар, 18 жасқа толмағандар немесе жүкті әйелдер видеоны қарамағаны абзал.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2390941-ekeui-bala-aqtobedegi-zhanarmai-quiu-stantsiiasy-mangynda-kolik-ortenip-ush-adam-qaza-tapty/