jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте жеке қойма аумағынан өрт шықты: зардап шеккендер бар (фото)

    өрт
    Өрт. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Шымкенттің Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан жеке қойма аумағында өрт шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында қойма ғимараттарының шатыры, жүк көлігінен төгілген дизель отыны және нысан аумағында сақталған резеңке бұйымдар жанған. Өрт ошағына жақын жерде дизель отыны толтырылған жүк көлігі тұрған.

    Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Екеуі де күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

    Өртті сөндіруге жеке құрамнан 56 адам және 30 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары да жұмыс істеді.

    Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталуда.

    ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

    Шымкентте жеке қойма аумағынан өрт шықты: зардап шеккендер бар (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.