jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

    Шымкент
    Шымкент. Иллюстрациялық фото: Max Zolotukhin/Getty Images

    Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 маусымда Астана уақытымен сағат 18:34-те жер сілкінісін тіркеген.

    Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан.

    Тараз, Шымкент қалаларында және Түркістан, Жамбыл облыстарындағы мына елді мекендерде 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.

    - Түркістан облысы

    • Мырзакент кенті;
    • Жетісай қаласы;
    • Абай ауылы;
    • Сарыағаш қаласы;
    • Шардара қаласы ;
    • Қазығұрт ауылы;
    • Ленгер қаласы;
    • Сайрам ауылы;
    • Манкент ауылы;
    • Ақсукент ауылы;
    • Тұрар Рысқұлов ауылы;
    • Арыс қаласы.
    • Темірлановка ауылы;
    • Шәуілдер ауылы;
    • Шаян ауылы.

    - Жамбыл облысы

    • Сары-Кемер ауылы;
    • Аса ауылы;
    • Құлан ауылы;
    • Қаратау қаласы;
    • Мерке ауылы;
    • Бауыржан Момышұлы ауылы.
    Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram