jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы - Ташкент автожолында қозғалтқыш майы тиелген жүк көлігі аударылып, отқа оранды (видео)

    өрт
    Өрт сөндірушілер. Видеодан кадр: ТЖМ

    Жамбыл облысы "Алматы-Ташкент" автожолының 560 шақырымында, Нұрлыкент ауылының маңында жол-көлік оқиғасынан кейін жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, жүк көлігі қозғалтқыш майын тасымалдап бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігі аударылып, көлік пен төгілген жанар-жағармай материалдары отқа оранды.

    Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жүк көлігі мен төгілген жанар-жағармай материалдары жанып жатқан.

    "ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді", - делінген хабарламада.

    Зардап шеккендер жоқ.

    Алматы - Ташкент автожолында қозғалтқыш майы тиелген жүк көлігі аударылып, отқа оранды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram