jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда бір тәулікте үш орман аумағында өрт шықты

    орман
    Ормандағы өрт. Көрнекі фото: Salvatore Laporta/KONTROLAB /LightRocket via Getty Images

    Кеше, 27 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысы бір өрт, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында екі өрт тіркелді.

    "Барлық өрт ошақтары орман күзеті қызметкерлерінің және жұмылдырылған қызметтердің өзара іс-қимылының арқасында дер кезінде анықталып, жедел түрде сөндірілді", - делінген хабарламада.

    Өрттің шығуына негізінен найзағай разрядтары себеп болған.

    "Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және еліміздің орман байлығына ұқыпты қарауға шақырамыз. Орманды бірге сақтайық", - дейді министрлік өкілдері.

    Қазақстанда бір тәулікте үш орман аумағында өрт шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.