Алматы облысында көліктердің үстіне ағаш құлады: зардап шеккендер бар (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Кеше, 27 маусымда Алматы облысында екі көліктің үстіне ағаш құлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. Оқиға орнынан видеолар желіде жарияланды.
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алып ағаш Еңбекшіқазақ ауданы Еңбек пен Қырбалтабай ауылдары арасындағы жолда болған.
Оқиға орнына дереу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілген.
"Келген кезде ағаш құлап, екі көлік зақымданғаны белгілі болды. Зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп нақтылады департамент өкілдері.
Куәгерлер түсірген кадрлардан оқиға орнында бірнеше көлік пен жедел жәрдем қызметін байқауға болады. Ол кезде қатты жел соғып тұрған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2393765-almaty-oblysynda-kolikterding-ustine-agash-qulady-zardap-shekkender-bar-video/