jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Баум тоғайында жас қыздың үстіне ағаш құлады: Алматы полициясы мәлімдеме жасады

    Баум тоғайы
    Баум тоғайы. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы полиция департаменті Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған қызға қатысты оқиғаға түсініктеме берді. Полиция істі тергеп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін 19 жастағы қыздың басынан өткен оқиға туралы хабарлағанбыз. Серуендеп жүргенде бойжеткеннің үстіне ағаш құлап, ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді. Тіпті оған қан құю қажет болды және өкпені жасанды желдету аппаратына қосу қажеттілігі туындады.

    Алматы полициясының хабарлауынша, Түрксіб аудандық полиция басқармасында Баум тоғайында ағаштың құлауы салдарынан жас қыздың алған жарақатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

    "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған бірқатар тергеу шарасы жүргізілуде, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

    Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Баум тоғайында жас қыздың үстіне ағаш құлады: Алматы полициясы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.