jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте жиһаз цехында өрт шығып, ғимараттың шатыры опырылды (фото)

    өрт сөндіру жұмыстары
    Өрт сөндіру жұмыстары. Фото: ҚР ТЖМ

    Шымкентте дүкеннің жанында орналасқан бір қабатты жиһаз цехының ғимараты өртенді. Төтенше жағдай кезінде ғимараттың шатыры опырылған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ТЖМ бөлімшелерінің күшімен Шымкенттегі Сасбұқаев көшесінде шыққан өрт оқшауланған.

    "Нақтыланған мәлімет бойынша, өрт бір қабатты жиһаз цехында және оның жанында орналасқан дүкенде шыққан.

    Өртті сөндіруге алғашқы минуттарда-ақ ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.

    Өртті сөндіру барысында цех ғимаратының шатыры опырылып түскен. 112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

    "Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 58 адам мен 22 техника жұмылдырылған.

    Шымкентте жиһаз цехында өрт шығып, ғимараттың шатыры опырылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.