jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр: ТЖМ өртті сөндіру қиынға соғып жатқанын мәлімдеді

    Полигондағы өрт
    Полигондағы өрт. Фото: ТЖМ

    Астанадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, елорданың Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болған өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатыр.

    "Өртті сөндірудің тиімділігін арттыру мақсатында негізгі күштер мен құралдар жұмылдырылған екі жауынгерлік учаске құрылды.

    Сонымен қатар өрт ошақтарын оқшаулау және жалынның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында полигон аумағын инертті материалмен жабу бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта полигонға 14,85 мың тоннаға жуық инертті материал жеткізілді.

    Жұмыстардың жүргізілуі қатты түтінге, жиналған қалдықтардың тұрақсыз болуына байланысты қиындауда. Бұл арнайы техниканың қозғалысын шектеп, ірі габаритті техниканың маневр жасауына кедергі келтіріп жатыр.

    Сумен үздіксіз қамтамасыз ету өрт гидрантынан су тасымалдайтын өрт сөндіру автоцистерналары мен су таситын арнайы көліктер арқылы жүзеге асырылуда. Өртті сөндіруге ТЖД мен ЖАО 120-ға жуық жеке құрамы және 150 бірлік техникасы жұмылдырылған.

    Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

    Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр: ТЖМ өртті сөндіру қиынға соғып жатқанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.