jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бангкоктағы бардағы өрт: зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма

    Бангкоктағы өрт
    Бангкоктағы өрт. Фото: LAOSARAKHAM / AFP via Getty Images

    Бангкоктағы барда 27 адамның өмірін қиған ірі өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма? Бұл сұраққа Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сыртқы істер министрлігі NUR.KZ тілшісіне мәлім еткендей, қазіргі уақытта Таиландтың құзыретті органдарынан зардап шеккен болуы мүмкін Қазақстан азаматтары туралы ресми ақпарат келіп түспеген.

    Сондай-ақ ҚР азаматтары тарапынан Қазақстанның Бангкоктағы елшілігіне қандай да бір өтініш жасалмаған.

    Бұл мәселе ҚР СІМ бақылауында.

    Естеріңізге сала кетейік, 13 шілдеге қараған түні Бангкоктағы барлардың бірінен өрт шықты.

    Таиланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракулдың айтуынша, өрт салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылған.

    Бангкоктағы бардағы өрт: зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.