Баянауылда бес адам мінген катамаран аударылып қалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
13 шілдеде Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде адамдар мінген катамаран аударылып қалды. Құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шілдеде сағат 15:22-де Баянауыл ауданындағы Жасыбай көліндегі демалыс аймағында демалушылар мінген катамаран аударылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оқиға орнынан бес адамды (екі әйел және үш ер адам) эвакуациялап, оларды жағаға аман-есен жеткізді.
"Құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ" - деп атап өтті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиғаның себебі – катамарандағы шамадан тыс жүктеме.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2399408-baianauylda-bes-adam-mingen-katamaran-audarylyp-qaldy/