jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы қаласында ғимараттан өрт шықты: жедел штаб құрылды

    Алматыда өртке оранған ғимарат
    Алматыда өртке оранған ғимарат. Скриншот: t.me/qr_tjm

    Бүгін, 14 шілдеде кешкі уақытта Алматыдағы Алатау ауданында ғимараттан өрт шықты. ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қаласы Алатау ауданындағы Томирис шағын ауданында жоғары дәрежелі шақыру бойынша ТЖМ бөлімшелері әкімшілік ғимараттағы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді.

    Оқиға орнында жедел штаб құрылып, адамдардың бар-жоғын анықтау мақсатында барлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жасырын жану ошақтарын анықтап, жою үшін шатырды ашу жұмыстары орындалды.

    "Өрт сөндірушілер екі бағыт бойынша жұмыс жүргізуде: негізгі өрт ошағын сөндіру және көршілес ғимаратты оттың таралуынан қорғау.

    Суды үздіксіз беру үшін қолжетімді барлық ашық су көздерінен су алу ұйымдастырылды. Оқиға орнында өртті жою жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

    Сағат 20:05-тегі дерек бойынша өрт толықтай сөндірілді.

    Алматы қаласында ғимараттан өрт шықты: жедел штаб құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.