"Найзағай түскен": Ақмола облысында өрт сөндірушілер дала өртімен күресіп жатыр
Жарияланған күні:
Ақмола облысы аумағында құрғақ өсімдіктің сегіз жану ошағын сөндірілді. Қазіргі уақытта Ерейментау, Ақкөл, Шортанды, Бұланды аудандарында және Степногорск қаласында өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ-ның Telegram-арнасының ақпараты бойынша, өрт ошақтарын жедел сөндіру үшін ТЖМ күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де мүдделі мемлекеттік қызметтердің бөлімшелері жұмылдырылған. Жетуі қиын учаскелерде ТЖМ авиациясы қолданылып, бұл өрттің таралуына жол бермеуге және ең күрделі ошақтарды жедел сөндіруге мүмкіндік беруде.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағайдың түсуінен туындаған.
Жағдай ҚР ТЖМ-нің тұрақты бақылауында. Жедел штабтар құрылып, жұмыстарды Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов үйлестіріп, барлық жұмылдырылған қызметтердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуде.
"Қазіргі уақытта елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жекелеген өрт ошақтарын толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жалпы өртті сөндіруге ТЖМ мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың шамамен 300 қызметкері, 55 бірлік техникасы, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ-тың және "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның екі әуе кемесі тартылған", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2400083-naizagai-tusken-aqmola-oblysynda-ort-sondirushiler-dala-ortimen-kuresip-zhatyr/