jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астана базарындағы тандырханада жарылыс болды: зардап шеккендер бар

    Астанадағы төтенше жағдай
    Астанадағы төтенше жағдай. Фото: t.me/astanovka98

    Астанадағы базарлардың біріндегі тандыр самса дайындайтын бөлмеде жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы Astanovka98 арнасында оқиға орнынан кадрлар жарияланды.

    "Жиенқұлов көшесіндегі тандырханада жарылыс болды. Оқиға орнынан түсірілген кадрларды оқырмандарымыз жолдап жатыр", - делінген хабарламада.

    ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан базар аумағындағы екі қабатты әкімшілік ғимаратта газ-ауа қоспасы жарылған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай көлемі 50 литрлік композиттік газ баллонының герметикалығы бұзылуы салдарынан болуы мүмкін.

    "Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Барлау барысында құтқарушылар үш зардап шеккен адамды анықтады. Олардың барлығы қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

    Оқиға ғимараттың бірінші қабатында орналасқан тандыр самса дайындайтын бөлмеде болған. Жарылыс салдарынан төбе жабындысының бір бөлігі мен есік ойығы опырылды", - делінген хабарламада.

    Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

    Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы NUR.KZ тілшісіне мәлім еткендей, оқиға салдарынан төрт адам зардап шеккен.

    "Олардың екеуі №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды, бір пациент амбулаторлық емделуге жіберілді. Тағы бір зардап шегуші №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккен барлық адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - делінген хабарламада.

    Астана базарындағы тандырханада жарылыс болды: зардап шеккендер бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.