"Семей орманы" табиғи резерватында өрт шықты: оны сөндіруге авиация жұмылдырылды
Жарияланған күні:
Абай облысында орман өртеніп жатыр. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Экология министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін, 16 шілдеде сағат 09:45-те "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Қамышен орманшылығының 57-орамында орман өрті тіркелді.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің 7 қызметкері, 1 автоцистерна (АЦ), 1 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені (МЛПК), 1 трактор, ТЖМ 30 адам және 8 техника, сондай-ақ "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның Bambi Bucket су төгу құрылғысымен жабдықталған әуе кемесі жұмылдырылған.
"Қосымша күш ретінде өрт орнына 2 автоцистерна, 2 трактор, 1 МЛПК және 11 орман күзеті қызметкері бағытталды. Сонымен қатар AS350 тікұшағы және 4 әуе өрт сөндіру десантшысы, сондай-ақ Катон-Қарағайдан Ми-8 тікұшағы өрт орнына аттануда", - делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда. Ведомстводағылар жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2400323-semei-ormany-tabigi-rezervatynda-ort-shyqty-ony-sondiruge-aviatsiia-zhumyldyryldy/