jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Семей орманы" аумағындағы өрт: Бектенов экология және төтенше жағдайлар министрлерін өңірге жіберді

    Орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндіруші.
    Орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндіруші. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

    Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша "Семей орманы" аумағындағы жұмыстарды үйлестіру үшін төтенше жағдайлар және экология министрлері өңірге жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа "Семей орманы" аумағында орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Абай облысына шұғыл баруды тапсырды.

    Жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

    "2026 жыл 16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өрт сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Көлемі 100 тоннадан асатын су себілді", - делінген хабарламада.

    Жедел штаб жұмысы премьер-министрдің жеке бақылауында.

    "Семей орманы" аумағындағы өрт: Бектенов экология және төтенше жағдайлар министрлерін өңірге жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.