jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Air Astana Дубайға рейстерді тағы да тоқтатуға мәжбүр болды

    Дубай
    Дубай. Фото: Andrew Aitchison / In pictures via Getty Images

    Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшатын жолаушыларға маңызды мәлімдеме жасады. Аймақтағы геосаяси жағдайдың ушығуы салдарынан Дубайға рейстер бір айдан астам уақытқа тоқтатылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында жазды.

    "Ормуз бұғазындағы және аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады. 21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады", - делінген хабарламада.

    Ал діттеген жеріне ұша алмай қалған жолаушыларға әуе компаниясы бірнеше таңдау ұсынып отыр.

    "Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе кейінгі күндерге, немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынылады.

    Байланыс үшін:

    Air Astana Брондау және ақпарат орталығы (24/7): help.airastana.com + 7 727 244 4477 + 7 7172 584477 +7 702 702 4477

    Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желі: +7 7272 44 44 78 WhatsApp: +7 702 702 00 74 Online chat: airastana.com", - деп жазды компания баспасөз қызметі өкілдері.

    Air Astana Дубайға рейстерді тағы да тоқтатуға мәжбүр болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.