"Семей орманы" аумағындағы өрт: ашық жалын сөндірілді
Жарияланған күні:
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өртті сөндіруге 769 адам, 191 жерүсті техникасы және 8 тікұшақ жұмылдырылды. Өрт ошағында ашық жанып жатқан жер байқалмайды, қазір түтіндеп жатқан ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Экология министрлігіне сілтеме жасап.
️Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Абай облысының әкімі Берік Уәли өрт аумағын әуеден бақылау мақсатында тікұшақпен ұшып өтті.
Жағдай үздіксіз бақылауда және жекелеген түтін ошақтары басылып жатыр.
Түнде өрт сөндіру жұмыстары бүкіл периметр бойынша жүргізілген. Құтқарушылар өрттің одан әрі таралуының алдын алу үшін оның шетін күзетіп, сөндірді.
Күн шыққан кезде жетуі қиын жерлерді сөндіру үшін дереу өрттің ішкі жағына жаяу десант жіберілді.
Сонымен қатар ішкі өртке су тамызып, кең көлемді әуе қолдауы көрсетілген.
"Өрт ошағында ашық жанып жатқан жер байқалмайды, жекелеген түтіндеу ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіру басталғаннан бері әуе техникасы арқылы 243 рет су төгіліп, 546 тонна су жеткізілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2400725-semei-ormany-aumagyndagy-ort-ashyq-zhalyn-sondirildi/