Алматылық құтқарушылар түтін басқан ғимараттан көлік пен үш мотоциклді алып шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматының Түрксіб ауданына қарасты Қайрат шағынауданында өрт шықты. Құтқарушылар түтін басқан ғимараттан үш мотоцикл мен жеңіл көлікті алып шықты, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 112 пультіне Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт бір қабатты ғимараттан шыққан. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері келген кезде ғимараттың шатыры жанып, жалынның көршілес тұрғын үйге таралу қаупі туындаған.
"Өрт сөндірушілер өртті жедел оқшаулап, оның таралуына жол бермеді. Өртті сөндіру барысында түтінге толған ғимараттан үш мотоцикл мен бір жеңіл автокөлік қауіпсіз жерге шығарылды", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар мүліктің бүлінуіне жол бермеген.
Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2401379-almatylyq-qutqarushylar-tutin-basqan-gimarattan-kolik-pen-ush-mototsikldi-alyp-shyqty/