jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ішінде бес адам болған: Жетісу облысында көлік жолға құлаған ағашқа соқтығысты (видео)

    Құлаған ағаш
    Құлаған ағаш. Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk

    Жетісу облысында жеңіл көлік тасжолға құлаған ағашқа соғылып, салдарынан жүргізуші зардап шеккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram-дағы Krisp.tdk паблигінде үлкен ағаш автокөлікке құлағаны туралы ақпарат жарияланды. Хабарламада оқиғаның Ескелді ауданына қарасты Жетісу ауылының қасында болғаны айтылған.

    Бұған қатысты Жетісу облыстық ТЖД пікір білдірген. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 21 шілдеде болған.

    Қатты жел салдарынан Қарабұлақ-Текелі автожолының "Өмір бұлақ" маңында жолдың жүру бөлігіне ағаш құлап, оған Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.

    "Көлікте бес адам болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші Ескелді аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы тұрақты. Көлікте қысылып қалған адамдар болған жоқ", - делінген хабарламада.

    ТЖД қызметкерлері ағаштың бұтақтарын кесіп, жолдың жүру бөлігін ішінара тазалап, көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз еткен.

    Жетісу облыстық ТЖД жүргізушілерге қатты жел кезінде жолда барынша сақ болып, қауіпсіз жылдамдықты сақтауға кеңес береді.

    Ішінде бес адам болған: Жетісу облысында көлік жолға құлаған ағашқа соқтығысты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.