Екібастұзда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Екібастұзда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Мұндай шешім қала маңындағы Құдайкөл ауылын қалпына келтіру жұмысына бюджеттен жедел қаржы бөлу үшін қабылданды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.
Өткен демалыс күндері өңірде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл болып, алты адам жарақат алды. Екібастұз жанындағы Құдайкөл ауылында күшті жел тұрғын үйлердің шатырларын ұшырып, ондаған баспананы қиратып, әлеуметтік нысандарға зақым келтірді, электр желісі де бүлінді.
Қазір келтірілген шығын көлемі нақтыланып жатыр. Алайда табиғи апат салдарын жоюға бюджеттен жедел қаражат бөлу мақсатында 22 шілдеден бастап Екібастұзда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Қала әкімдігі бұл режим табиғи апаттың зардабы толық жойылғанға дейін күшінде болатынын хабарлады.
Дереккөз: КТК
Бұған дейін Павлодар облысында ауа райы бұзылған еді. Мәселен, Павлодарда қатты нөсер мен бұршақ жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрған болатын. Өңірде зардап шеккендер бар. Дүйсенбіде билік төтенше жағдай режимін енгізу мәселесін көтерді.
Сондай-ақ дауыл салдарынан Павлодар облысындағы төрт ауылдың электр қуатынсыз қалғаны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2402989-ekibastuzda-tabigi-sipattagy-totenshe-zhagdai-rezhimi-engizildi/
