jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалының үшінші қабатында төбе жабынының бір бөлігі опырылып түсті (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Кадр: t.me/syrmediakz

    Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында төбе жабынының бір бөлігі опырылып түсті. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Syrmedia.kz желілік басылымы "Нұрлы жол" вокзалында төбенің бір бөлігі опырылғаны туралы ақпарат пен видео жариялады. Telegram-арнада жарияланған бейнежазбада вокзалдағы панорамалық терезелердің бірінің жанында төбеден түскен сынықтардың жатқаны көрінеді.

    NUR.KZ тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сауал жолдады. Олар кеше сағат 19:45-те "Нұрлы жол" вокзал кешенінің үшінші қабатында төбе жабынының бір бөлігі опырылғанын растады.

    "Вокзал кешенінің қызметкерлері зақымданған аумақты тексеріп, жаңбыр суы жүйесінің құбыр қосылыстарының бүлінгенін анықтады. Қазіргі уақытта тігістерді герметизациялау және жаңбыр суы жүйесінің құбыр қосылыстарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

    Жөндеу жұмыстарынан кейін зақымданған аумақ тазартылып, жуылды және бөгде заттар алып тасталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі өкілдері.

    Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалының үшінші қабатында төбе жабынының бір бөлігі опырылып түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.