jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада 18 қабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)

    Өрт сөндіруші
    Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: freepik.com

    Астанада 18 қабатты тұрғын үйден өрт шығуына байланысты тұрғындар эвакуацияланды – өрт ғимараттың алтыншы қабатында тұтанған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Елордалық ТЖМ құтқарушылары Астана қаласының Нұра ауданындағы Е-36 көшесінде орналасқан он сегіз қабатты тұрғын үйде шыққан өртті сөндірді.

    Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің 6-қабатынан қою түтін байқалды.

    Өрт сөндіру оқпандары дереу іске қосылып, өртті толық сөндіру бойынша барлық қажетті шара қабылданды. Су үздіксіз беріліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілген.

    Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ күштері өртті толық сөндірді.

    Нақтыланған мәлімет бойынша алтыншы қабаттағы пәтердің балконы мен ас үйінде өрт шыққан.

    Астанада 18 қабатты тұрғын үйден өрт шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.