jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өскеменде 22 жастағы жас жігіт қос аяғы мен қолынан айырылды

    Дәрігер
    Дәрігер. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Өскеменде дәрігерлер ауруханаға клиникалық өлім жағдайында түскен, аяғы мен қолы травматикалық жолмен кесілген 22 жастағы жігітті аман алып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, олар өте ауыр дәрежедегі құрама жарақат алған, бірнеше жерінен ампутация жасалған және полиоргандық жеткіліксіздік синдромын бастан кешірген 22 жастағы науқасты сәтті емдеп шықты.

    Дәрігерлердің мәліметінше, жас жігіт жедел жәрдем көлігімен клиникалық өлім жағдайында жеткізілген.

    Тексеру нәтижесінде оған бас сүйек-ми жарақаты, қол мен екі аяқтың травматикалық ампутациясы, қабырғалардың сынуы, жамбас буынының шығуы және 4-дәрежелі геморрагиялық шок диагнозы қойылды.

    Науқастың мұндай ауыр жарақаттарды қандай жағдайда алғаны нақтыланбаған.

    "Дәрігерлердің кәсібилігі, заманауи емдеу әдістері және мультидисциплинарлық команданың үйлесімді жұмысының арқасында науқастың жағдайын тұрақтандырып, емдеудің барлық қажетті кезеңін өткізуге және оны одан әрі оңалтуға дайындауға мүмкіндік туды", - деп хабарлады медициналық мекеме өкілдері.

    Өскеменде 22 жастағы жас жігіт қос аяғы мен қолынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.