Астанада дауыл салдарынан қоршау көліктердің үстіне құлады: полиция тексеру жүргізіп жатыр (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада кеше болған дауыл мен нөсерден кейін қоршау тұрақта тұрған көліктердің үстіне құлаған. Бұл жайтқа қатысты полиция өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға орнынан кадрларды Threads желісінің қолданушысы blessedkaz жариялады.
"Бүгінгі дауылдан кейін Silkway City маңында тұрақта тұрған көліктердің үстіне қоршау құлады", - деп жазды жазба авторы.
Кадрлардан қоршаудың жанында тұрған көліктердің үстіне құлағанын байқауға болады.
Полиция салдарынан көліктерге зақым келгенін және қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
"Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Қатты желден тұрақта тұрған көліктердің үстіне қоршау құлап, салдарынан көлік құралдарына механикалық зақым келгені анықталды.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Астана қаласы Алматы аудандық полиция басқармасы.
Посмотреть в Threads
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада нөсер жауып, жолдарды су басып, көліктердің жүзіп жүргенін жазған едік.
Кейін белгілі болғандай, екі күнде елордада бір айлық жауын-шашын нормасының 70 пайызы жауған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2403533-astanada-dauyl-saldarynan-qorshau-kolikterding-ustine-qulady-politsiia-tekseru-zhurgizip-zhatyr-video/
