"Бурабай" ұлттық паркінде екі бірдей өрт тіркелді: өрт сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Жарияланған күні:

Қазқстанда кеше, 2026 жылы 25 шілдеде 3 орман өрті тіркелді. Оның екеуі "Бурабайда", біреуі "Семей" орманы табиғи резервуатында, деп хабарлайды Экология министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бурабай ұлттық паркінде 2 өрт тіркеліп, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның Ми-8 тікұшағы жұмылдырылып, орманшылар мен "Казавиаорманқорғау" әуе десантшыларының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында оқшаулау жұмысы жеделдетілді.
"Семей орманы" резерватында найзағай әсерінен орын алған аз аумақты қамтитын өрт ошағы қысқа мерзімде толық сөндірілді.
Өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігің қатаң сақтауға шақырамыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2404178-burabai-ulttyq-parkinde-eki-birdei-ort-tirkeldi-ort-sondiruge-tikushaq-zhumyldyryldy/
