jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда 40 жастағы әйел биіктен құлап, көз жұмды

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Фото: Алматы ПД

    Алматының Алмалы ауданында 40 жастағы әйел қаза тапты. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматының Алмалы ауданында полицейлер 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты мән-жайды анықтап жатыр.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзі тұрған көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған", - делінген хабарламада.

    Полиция өкілдері пәтерді тексеру кезінде жедел-тергеу тобы тергеу үшін маңызы бар материалдар мен жайттарды анықтағанын хабарлады.

    "Тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Оқиғаның толық көрінісі анықталып, ықтимал себептері, марқұмның өмір салты, араласқан ортасы және қайғылы оқиғаға дейін болған өзге де жайттар зерттелуде", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

    Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    Алматыда 40 жастағы әйел биіктен құлап, көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.