jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Аспаннан күл "жауып", қалалықтардың тынысы тарылған": Оралда Хан тоғайы өртенді

    Хан тоғайындағы өрт
    Хан тоғайындағы өрт. Фото: БОҚ әкімдігі

    Оралда Хан тоғайы өртенді. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 75 адам мен 18 техника және "Гейзер" сорғыларымен жабдықталған екі жүз құрал жұмылдырылды. Өрт сағат 20:28-де оқшауланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    "Мой город" басылымының хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің №20982 әскери бөлімінің 20 қызметкері мен 1 техникасы, "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің төрт адамы мен бір тікұшағы, "Қазавиақұтқару" мекемесінің бес адамы мен 1 тікұшағы тартылды. Тікұшақтар 46 мәрте ұшып, су шашқан екен. Өрт сағат 20:28-де оқшауланды.

    "Жергілікті атқарушы орган, төтеншеліктер мен орманшылардың жедел әрекетінің нәтижесінде күннің ыстығы мен желдің екпініне қарамастан көне табиғи-тарихи нысанда өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ.

    Оқиға орнында қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Орал қаласы мен барлық аудан әкімдеріне тиісті органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуліктік кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды", – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Ал Zakon.kz басылымының дерегінше, өрт түс кезінде Жәңгір хан көшесіндегі "Динамо" базасы маңынан басталған. Аз уақыт ішінде түтін шаһардың орталығын, Зачаганск елдімекені мен сол бағыттағы екі көпірді де басып үлгерді.

    "Түстен бері өртеніп жатыр. Басында кішкене ғана ақ түтін көрінген, кейін бүкіл аспанды торлап алды", – дейді Зачаганск тұрғындары.

    Қалың түтіннен қалалықтардың тынысы тарылып, жан-жаққа ұшқан күл жақын маңдағы аудан тұрғындарының үрейін ұшырды.

    Жағдайды экстремальды ауа райы да ушықтыра түсуде. Батыс Қазақстан облысында өткен аптадан бері аномальды ыстық сақталып тұр: +38...+40 °C. Таңертеңнен бері соғып тұрған қатты жел жалынның тез таралуына ықпал етіп, өртті сөндіруді қиындатуда.

    "Аспаннан күл "жауып", қалалықтардың тынысы тарылған": Оралда Хан тоғайы өртенді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.