jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкентте дүкен ғимараты қирады: бір адам зардап шекті (видео)

    Шымкент дүкеніндегі дүмпу
    Шымкент дүкеніндегі дүмпу. Скриншот видеодан: youtube.com/@tvotyrar

    Шымкент қаласында Ж.Тәшенов пен Н. Төреқұлов көшелерінің қиылысында дүмпу болып, салдарынан дүкен ғимараты қирады. Оқиғаның нақты неден болғаны әзірге белгісіз. Қазір аталған жайт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Полиция департаментінің  мәліметінше, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Яғни,  оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты сараланып, тиісті шешім қабылданады.

    "Тергеу аясында оқиғаға қатысы бар тұлғалардан жауаптар алынып, келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда. Сондай-ақ оқиғаның себептерін нақтылау мақсатында сот-медициналық және сот-өрт-жарылыс техникалық сараптамалары тағайындалды.  Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда", - делінген Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Бейресми ақпарат бойынша, оқиға салдарынан бір адам зардап шеккен. Алайда бұл ақпаратты құзырлы органдар әзірге ресми түрде растаған жоқ. Тергеу нәтижесіне қарай қосымша ақпарат жарияланатын болады.

    Шымкентте дүкен ғимараты қирады: бір адам зардап шекті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.