jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Автобус аялдамасынан түсіп, жоғалып кетті": Жаңаөзен тұрғындары 9 жасар баланы іздеп жатыр

    Жоғалған  9 жасар бала
    Жоғалған 9 жасар бала. Көрнекі сурет: ЖИ арқылы жасалған

    Жаңаөзенде куәгерлер соңғы рет автобус аялдамасында көрген 9 жасар баланы іздеп жатыр. Баланың әкесі жерлестерінен және полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды Lada.kz.

    Жаңаөзенде автобустан түскен тоғыз жасар бала табылмай жатыр. Lada.kz мәліметінше, отбасы тұрғындардан баланы іздеуге көмектесуді сұрайды.

    Тоғыз жасар Мансұрдың әкесінің айтуынша, бала соңғы рет бүгін, 28 шілдеде сағат 11:00-де Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің маңындағы аялдамадан автобустан түскен. Одан кейін оның қайда кеткені белгісіз.

    Баланың үстінде сұр түсті футболка мен қара қысқа шалбар болған. Сондай-ақ ара түсті жол сөмкесі болған.

    "Қазір біз полициямен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, хабарлауды сұраймыз", - деді баланың әкесі.

    Баланың қайда екенінен хабардар адам болса, мына нөмірге қоңырау шалса болады: 8 (771) 815-40-26.

    KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сұрау салды.

    "Автобус аялдамасынан түсіп, жоғалып кетті": Жаңаөзен тұрғындары 9 жасар баланы іздеп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.