jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Оралда төтенше жағдай режимі енгізілді

    Хан тоғайындағы өрт
    Хан тоғайындағы өрт. Фото: БОҚ әкімдігі

    Орал қаласындағы қоқыс полигонында кеше, 27 шілдеде басталған өртке байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Тиісті шешімді қала әкімдігі қабылдады, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

    Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт 27 шілде күні сағат 14:30-да шыққан.

    Кеше ауа райының аптап ыстық болуы және жел салдарынан өрт өрши түсті. Төтенше жағдайлар департаменті мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күшімен барлық коммуналдық қызмет пен құрылыс компанияларының арнайы техникалары жұмылдырылды.

    "Бүгін, 28 шілдеде Орал қаласы әкімдігінің шешімімен жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл шешім арнайы техниканы жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және жеке құрамды тамақтандыру мәселелерін жедел ұйымдастыру үшін қабылданды.

    Төтенше жағдай режимі полигондағы өрт толық сөндірілгенге дейін сақталады. Қазіргі уақытта 40-50 техника жұмыс істеп жатыр. Полигонның жалпы аумағы 35 гектарды құрайды. Оның 13 гектарында өрт болды, бүгінгі таңда үш гектары сөндірілді, ал қалған 10 гектарға жуық аумақта ашық жалын жоқ, бірақ түтіндеу байқалады", - деді Жандос Дүйсенғалиев.

    Әкім орынбасарының сөзінше, полигон 1975 жылы ашылған және 50 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді.

    "Соңғы жылдары біз полигонды рекультивациялап, жабу бағытында жұмыс істеп жатырмыз, өйткені ол өз мерзімін толық өтеп болды. Мамандардың пікірінше, полигон астында көп мөлшерде газ жиналған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргідей өрт қайта тұтануы мүмкін. Қазір біз карьерден топырақ тасып, түтіндеп жатқан жерлерді көміп жатырмыз.

    2024 жылы полигонды рекультивациялау жобасы әзірленді, қазір оны жүзеге асыру үшін қаржыландыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Рекультивация жасалмаса, мұндай жағдай қайталана береді", - деп түсіндірді шенеунік.

    Оралда төтенше жағдай режимі енгізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.