jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Таңертең Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты: төрт адам құтқарылды

    Құтқарушы тұрғынды көтеріп сыртқа шығарып жатыр
    Құтқарушы тұрғынды көтеріп сыртқа шығарып жатыр. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

    Бүгін, таңертең елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шығып, төрт адам құтқарылды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаға KAZ.NUR.KZ.

    ТЖМ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең Сарыарқа ауданындағы Ш. Қосшығұлұлы көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде, үшінші қабаттағы пәтерден өрт шыққан.

    Жалын 20 шаршы метр аумақты қамтып, үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды шарпыған.

    "Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері көрші пәтерлерден төрт адамды қауіпсіз жерге шығарды. Құтқару кезінде арнайы құтқару маскалары қолданылды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Таңертең Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты: төрт адам құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.