jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    КҚК ауданында екі танкерге жасалған шабуыл: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    Теңіз терминалы
    Теңіз терминалы. Иллюстрациялық фото: t.me/caspian_pipeline

    Қазақстан Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы ауданында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "КҚК ақпаратына сәйкес, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкері үшінші айлақ арқылы тиеу жұмыстарын аяқтау кезінде тиеу манифольды ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады.

    ҰҰА шабуылы қаупіне байланысты КҚК тарапынан мұнай тиеу жұмыстары алдын ала тоқтатылды", - делінген хабарламада.

    Бұдан бөлек, тиеуге жоспарланған Marathi танкері де КҚК теңіз терминалынан 6-7 теңіз милі қашықтықта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшыраған.

    "Қолда бар ақпаратқа сәйкес, экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілген жоқ. Шабуыл салдарынан туындаған өрт КҚК-ның үш буксирінің көмегімен сөндірілді", - делінген хабарламада.

    КҚК ауданында екі танкерге жасалған шабуыл: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.