jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Оралдың қоқыс полигонындағы өрт төрт күннен бері сөнер емес

    Өрт
    Өрт. Кадр: "Астана" арнасы

    Оралдың қоқыс полигонынан шыққан өрт төрт күннен бері сөнер емес. Қазір қалада осыған байланысты төтенше жағдай жарияланған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Дегенмен тілсіз жаудың қашан тынышталары белгісіз. Бағытын жиі өзгерткен желдің күн санап күшеюі өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып отыр. Осының кесірінен аумағы 35 гектар болатын полигонның жартысы отқа оранып үлгерді. Төрт күн өтсе де, әлі 9 гектар жер жалын құшағында. Қазір оты өшірілген аумаққа топырақ төгіп, рекультивация жұмыстары жүргізілуде.

    Түтінге тұншыққан тұрғындар таза ауаға зар. Шенеуніктердің айтуынша, қазіргі полигон тұрмыстық қалдыққа лық толы. Енді оның орнына жаңа полигон салу міндеті тұр. Бірақ бұған кемінде 12 миллиард теңге керек.

    "Полигонның өзі — 50 жыл болған полигон, ескі полигон. Жұмыс жасау жалпы оңайға соғып жатқан жоқ. Неге десеңіз, арнаулы техниканың кіріп-шығуы бар, жолдардың нашарлығы бар. Сонымен қатар желдің бағыты да өзгерген сайын жұмысшыларға жұмыс жасауға кішкене қиындықтар тудыруда. Дегенмен де 24 сағат тоқтамай жұмысты атқарудамыз", - дейді қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.

    Оралдың қоқыс полигонындағы өрт төрт күннен бері сөнер емес

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.