jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Пәтерді қою түтін басқан": қарағандылық полицей мен Ұлттық ұлан офицері 5 баланы құтқарып қалды

    Полицей, Ұлттық ұлан офицері және тұрғын
    Полицей, Ұлттық ұлан офицері және тұрғын. Видеодан кадр: polisia.kz

    Қарағандыда полицей мен Ұлттық ұлан офицері өрт шыққан пәтерден 5 баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ ақпараттық медиапорталының мәліметінше, еңбек демалысында жүрген Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Дінмұхамет Сұлтан төтенше жағдайдың куәсі болған.

    Үйіне қайтып келе жатқан полиция қызметкері көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы пәтердің терезесінен шыққан қою түтінді байқаған.

    Жағдайдың аса қауіпті екенін бірден түсінген тәртіп сақшысы еш ойланбастан оқиға орнына қарай жүгірген. Сол сәтте оған Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Асхат Маханбетжанов қосылған.

    Қауіпке қарамастан олар жоғары қабатқа көтеріліп, қою түтінге толған пәтерге кіріп, ішінде қалып қойған бес баланы тапқан.

    "Батыл әрекет пен кәсібиліктің арқасында балалар қысқа уақыт ішінде қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарылған балалардың туыстары келгенше Асхат Маханбетжанов оларды өз үйіне кіргізіп, қауіпсіз жерде болуын қамтамасыз етті", - деп жазады басылым.

    Балалардың өміріне еш қауіп жоқ екеніне көз жеткізген соң Дінмұхамет Сұлтан қайтадан жалын шарпыған пәтерге оралып, электр қуатын ажыратып, өрттің одан әрі өршуіне себеп болуы мүмкін қысқа тұйықталудың алдын алған.

    Кейін бейжай қарамаған екі тұрғынмен бірге өрт сөндірушілер келгенге дейін асүйдегі өрт ошағын сөндіруге кіріскен.

    Ержүрек полицей мен Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің ерлігі туралы құтқарылған отбасының көршісі хабарлап, балалардың өмірін сақтап қалғаны үшін шынайы алғысын айтқан.

    "Пәтерді қою түтін басқан": қарағандылық полицей мен Ұлттық ұлан офицері 5 баланы құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.