jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    СІМ Солтүстік Кипрде қазақстандық қыздың пышақ жарақатын алғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

    пышақ ұстаған адам
    Пышақ ұстаған адам. Иллюстрациялық фото: Paul Bradbury/Getty Images

    Желіде Солтүстік Кипрдегі супермаркеттердің бірінде Қазақстан азаматының пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаға қатысты Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасында жарияланған жазбада Никосия қаласындағы Metropol Market супермаркетінде 22 жастағы қазақстандық қыздың пышақ жарақатын алғаны, жағдайы өте ауыр екені айтылған.

    Сондай-ақ жазбада жергілікті полицияның ақпараты да берілген. Олардың мәліметінше, 3 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 11:45 шамасында белгісіз біреудің анықталмаған себеппен қызға пышақ жарақатын салған, сосын өзін жарақаттаған. Салдарынан екеуі де ауруханаға жеткізіліп, қазір дәрігерлердің бақылауында.

    Бұл оқиғаға қатысты пікір алу үшін NUR.KZ тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

    "Министрлік Солтүстік Кипрдегі отандасымызға қатысты оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр және жергілікті құзырлы органдармен байланыста. Қосымша ақпарат ресми мәліметтердің түсуіне қарай беріледі", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Бұл мәселе ҚР СІМ-нің бақылауында.

    СІМ Солтүстік Кипрде қазақстандық қыздың пышақ жарақатын алғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.